Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні өткізілген қала, аудан, ауылдық округ әкімдерінің есепті кездесулерінен мәлімет
Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні өткізілген қала, аудан, ауылдық округ әкімдерінің есепті кездесулерінен мәлімет
Облыс бойынша 4 ақпан күні қала, аудан және ауылдық округ әкімдерінің 229 есепті кездесуі өтті. Есеп беру жиынына 26779 тұрғын қатысты. Олардың тарапынан 766 ұсыныс айтылды.
Жамбыл облысы аппаратының мәліметтеріне сүйенер болсақ, 4 ақпанға 32 есеп беру кездесуі жоспарланған. Оған 4534 тұрғын қатысып,оның 102-сі сөз сөйлеген.
Барлығы 105 ұсыныс енгізілді. Оның 9-ы ауыз суға қатысты болса, 2-і тұрғын үй мәселесіне байланысты көтерілді. Ал 4-еуі жер жөнінде, 17-сі жол құрылысы мен жөндеуге байланысты. 13 мәселе білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жөндеу және құрылыс жұмыстарына байланысты болды. Сонымен қатар, 18 сұрақ елді мекендерге газ, электр, телефон желілерін жүргізу жөнінде қойылды. 1 сұрақ санитарлық және экологиялық тазалық, көріктендіру-көгеріштендіруге қатысты болса, 41-і өзге де мәселелерді қамтыды.