- Advertisement -

Қазақстанда тастанды балаларға арналған жәшіктер орнатылмайтын болды

130

- Advertisement -

pogudx6keqtrahi87.3fd86a24«Бэби-бокс» жүйесін енгізу тастанды балалар санын арттыруы мүмкін. Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі аталмыш жаңашылдықты енгізбеген дұрыс деген пікірде деп хабарлайды Алматы арнасы.

Бұған дейін ведомство арнайы қораптарды 2015 жылдың аяғына дейін еліміздің барлық өңірлеріне қоюды жоспарлаған болатын. Әзірге Алматы қаласы бойынша баласынан бас тартқан безбүйрек аналардың қатары азайған.

Құлаққа түрпідей тиетін ақпардың бірі – тастанды балалар. Соңғы кезде жиі талқыға түскен осы жағдай мемлекет тарапынан да жеткен болатын. Олар осы мәселені шешу мақсатында дүниежүзінде қолданысқа енгізілген бэби-боксты қолданып көруге бекінген еді. Бірақ ойлана келе оның кері әсер берерін де жоққа шығармады.

«Бэби-бокс» жүйесін енгізу бала құқығы жөніндегі Конвенция мен Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы» туралы Заңның 60-бабына қайшы келеді. Ол тармақта былай деп жазылған: «Әрбір бала отбасында тәрбиеленуге, өзінің ата-анасын білуге құқылы».

Қазақстанда ресми түрде жетімдер саны азайғанымен, тастандылар кеміген жоқ. Сарапшылардың сөзінше, сәбиді асырап алуға ниет танытушылар қатары артқан. Бэби-бокс – өмірді сақтаудың бір жолы. Дегенмен тастанды балалар санын кеміту үшін бұл дұрыс қадам болмасы анық. Керісінше, далада қалар сәбидің саны артуы ықтимал. Мәселені шешуді мектептен бастап, оқушылармен жіті жұмыс істеу қажет дейді жауаптылар.

«Бізде баланы асырап алу орындарында тәжірибелі мамандар тапшы. Қазір Алматыда тек 3 адам ғана бар. Бала құқығын қорғау бойынша әр ауданда 1 адам айналдысады. Бұл өте аз», – деді «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының директоры Марианна Гурина.

Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар құқығын қорғау комитеті бэби-боксты қолданып жүрген елдерді бұл тәжірибеден бас тартуға шақырады. Мұндай жәшіктер Германия, Италия, Венгрия, Оңтүстік Америка, Бельгия, Чехия, Австрия, Латвия мен Словакияда қолданысқа енген. Көршіміз Ресейде бұл жүйе 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал біздің елімізге оның берер пайдасын анықтау уақыт еншісінде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support