- Advertisement -

Ғалымдар шаштың түсу себебін тапты

78

- Advertisement -

20160205140546Жапония, АҚШ, Нидерланды генетиктері адамның қасқабастануының генетикалық себептерін тапты.

Зерттеу нәтижелерін авторлар Science журналына жариялады.

Генетиктер адамдарда (әдетте ересек жаста) шаштың түсуі шаш түйіншесіндегі тін жасушасының қызметі тоқтауымен байланысты деген тұжырымға келді.

Ғалымдар тышқанға тәжірибе жасады. Олардың ағзасы адамдарға қарағанда, жүннің түсуін тиімді көтере алады. Генетиктер тышқандардың қартаюын жылдамдатып, осылайша шашты жоғалтуға әкелетін себептерді бақылауға тырысты.

18 айда ғалымдар тышқандардың терісінің, түкті бөліктерін бақылап отырды.  Тін жасушаның қысқаруына байланысты кәрілік шаштың түсіп, бастың тақырлануына алып келген.

Ғалымдар мұның себебін шашты жамылғының дегенеративті өзгерісін ынталандыратын ДНК-ның зақымдануынан көреді. Мамандар COL17A1  генінің белсенділігі шаштың тақырлануына алып келетінін анықтады.

Бұл ген жасушалық жарғақша арқылы заттар тасымалдауды қамтамасыз ететін трансжарғақшалық ақуыздардың бірін бұғаттайды және бұл ген адамның сыртқы келбетінің жеке ерекшеліктеріне жауапты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support