Әдебиет

Көделінің көктемі

Көделінің көктемі

Өлеңін жазған: Қайыпназар Шотбасов Әнін жазған: Алғырбай Тыныбаев

14

Бабамның бақытын тапқан жері едің, Балаңды бесікке өзің бөледің. Көделім, Көктемде көркем көк өрім, Құмбелдің құшаққа гүлін теремін.

Қайырмасы:

Жастықтың мөлдір бұлағы, Жайқалған жалбыз құрағы. Жайлауы жанның жұмағы, Көделім, Көзіндей көркем көненің. Өзіңсің өмір-өлеңім, Көңілдің сұлу гүлін теремін.

Сырлы кеш сиқыры билеп маңайды, Самал жел селеудің шашын тарайды. Көделім, Сұлу Ай саған сұқтана, Көркіңнен көз алмай көктен қарайды.

Қайырмасы:

Туған жер, аяулы асыл мекенім, Алыстан жастықты аңсап жетемін. Көделім, Ұшырған ұям сен едің, Өзіңе әнімді тарту етемін.