- Advertisement -

Осы айда алғаш рет мұнай бағасы 35 долларға өсті

62

- Advertisement -

20160128182635Лондондық «ICE» биржасында Brent маркалы мұнай бағасы өткен айдағы көрсеткішке қайта оралып, оның құны барреліне 35 доллардан асты, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Қордағы соңғы деректерге сәйкес, солтүстік теңіздік мұнай барреліне 35,5 долларға артты.

Қаңтардың бірінші күндері мұнай белгілеу Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық жанжалға орай, өсе бастады.

Алайда қаңтардың екінші аптасынан бастап төмендеген. 20 қаңтарда Brent маркалы мұнайы барреліне 28 долларға дейін төмендеген.

Бірқатар ықпалды әлемдік қаржы ұйымдарының сарапшылары қаңтардың соңы мен ақпанның басында мұнай бағасының едәуір өсетінін болжаған. Бұл өсім келесі жылдары да жалғасуы мүмкін.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support