…Деген екен

124

Әке мен бала

Белгілі актер, режиссер Асанәлі Әшімов бірде таксиге мінеді. Асанәлінің жанында баласы Сағи болса керек. Тиісті жерге келіп есеп айырысқанда 2 сом 18 тиынның орнына Асанәлінің ұсағы болмайды да, 2 сом 15 тиын беріп шыға береді. Бұған ыңғайсызданған Сағи:
– Әке, мен сіздің орныңызда болсам 3 сом берер едім, – депті. Сонда Асанәлі:
– Әрине, сен 3 сом бере аласың, өйткені сенің әкең бар, ол саған жоқшылықтың не екенін білдірмей өсірді. Ал мен болсам әкесіз көк жетіммін! – деген екен.

Модный дорба

Ақын Мұзафар Әлімбаев бірде қолына ала дорба ұстап, кітап дүкенінен шығып келе жатса бір қаламгер інісі кездесіп:
– Мұзаға-ау, мына дорбаңыз модный ғой, – депті. Сонда Мұзафар:
– Бәрекелді, модный болғаны үшін емес, годный болғаны үшін ұстап жүрген ғой, – депті.

«Етке тойсам…»

Бір студент Сәбит Мұқановтан:
– Сіз бір отырғанда қанша жазып тастайсыз? – деп сұрайды.
Сәбең қуақылана әзілдей сөйлеп:
– Мен өзім етті көп жейтін қазақпын. Етке тойған күндері бір баспа табақтай нәрсені емін-еркін жазып тастаймын, – деген екен.

Is located ghostwriter beruf about 3 minutes away from the station.

Comments are closed.