«Нұр Отан» партиясының облыстық сайлауалды штабтары құрылуда
«Нұр Отан» партиясының облыстық сайлауалды штабтары құрылуда
2016 жылғы 20 ақпаннан бастап, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды штабы өз қызметін бастайды.
Осыған байланысты өткен брифингте партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат Берік «Нұр Отан» партиясының облыстық сайлауалды штабы біздің өңірімізде де құрылып, құрамы жасақталу үстінде екенін жеткізді. Аталған сайлауалды штабының құрамына танымал партия белсенділері және партияның саяси кеңесінің мүшелері кіреді. Олардың қатарында өткен сайлау науқандарына қатысып, мол тәжірибе жинақтаған азаматтармен қатар, жастар ұйымдарының белсенді өкілдері де бар. «Нұр Отан» партиясы биліктегі басымдыққа ие және жауапкершілігі мол саяси күш ретінде өз сайлауалды бағдарламасында жаңа үдерістерге жауап беретін және бірлік, тұрақтылық пен жасампаздықты қамтамасыз етуге бағытталған, Елбасы анықтап берген мемлекеттік бағдарды жүзеге асыру жөніндегі алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты межелерді белгіледі. Бүгінгі таңда түрлі әлеуметтік топтарға жататын тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, облыстық желілік кестесі қабылданып, медиажоспар бекітілді, – деген Масат Әшімұлы штаб жұмысының негізгі міндеті – «Нұр Отан» партиясының Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауында айқын жеңіске қол жеткізу екендігіне тоқталды. Ендігі жерде өңірімізде сенімді өкілдер мен партия белсенділерінің жұмысын үйлестіріп отыратын 1 аймақтық, 11 аумақтық штаб құрылмақ. Олардың құрамына 200-ден астам адам кіреді деп күтілуде. Барлық штабтардың жұмысына 1400-ге жуық сенімді өкіл, 2 мыңнан астам партия белсенділері мен еріктілері қатысатын болады.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».