Ғалымдар: 2016 жыл шектен тыс ыстық болады
Ғалымдар: 2016 жыл шектен тыс ыстық болады
Британдық ғалымдар ауа райына қатысты болжам жасады. Олардың мәлімдеуінше, 2016 жыл шектен тыс ыстық болып, рекордты температура орнайды. Мұның барлығына жаһандық жылыну мен Эль-Ниньо құбылысы себеп болуда, деп хабарлайды epochtimes.ru-ға сілтемемен 24.kz.
Ғалымдар Жер бетіндегі ауа температурасының әрі қарай жоғарылай беретінін алға тартады. Ал келесі 2017 жылы бұл ыстық аз да болса бәсеңсуі тиіс екен. Бұл Эль-Ниньоға қарсы жүретін Ла-Нинья құбылысының арқасында болады. Бірақ, мұнан соң Жердегі температура қайтадан жоғарылауы мүмкін.