- Advertisement -

Ұстаздар спартакиадасы

86

- Advertisement -

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да оқытушы­лар арасында факультетаралық спартакиада өтті. Университет қызметкерлерін бұқаралық спортпен шұғылдануға үндеген шара спорттың он бес түрін қамтыды.
Волейбол, футбол, баскетбол, қол күресі секілді бірқатар спорт түрлері бойынша ерлер және әйелдер командалары өзара кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде «Мұнай, газ және механика» факультетінің оқытушылары қатарынан оза шауып бәйге алса, екінші орын «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетіне бұйырды. Сонымен қатар «Әкімшілік» командасы үздік үштіктен көрінді.
Спартакиада соңында үздіктер командалық және жекелей сын бойынша марапатталды. Жоғары деңгейде өткен спорт аламаны ұстаз­дар қауымына жақсы әсер сыйлағаны анық.

Жанар Ешеналиева,
ТарМУ-дың дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support