Денсаулық

Асқабақ диетасын ұстап, күніне жарты келі артық салмақтан арылуға болады

Асқабақ диетасын ұстап, күніне жарты келі артық салмақтан арылуға болады

20160203063643ҚазАқпарат - Қытайда асқабақ пен оның дәнін күйзелістің таптырмас емі деп есептесе, Испания мен Италияда ерте кезден асқабақтың өзін ғана емес, гүлін де тамаққа қосады. Асқабақтың емдік қасиетімен қатар, арықтатып, артық майдан арылтатын күші де бар, деп жазады anabol.kz.

Бар болғаны 100 гр асқабақ ағзаға қажетті темірдің үштен бір бөлігін, Е дәруменінің 15%, С дәруменінің 70% тәуліктік мөлшерімен қамтамасыз етеді. Ал 100 грамм асқабақта 23 ккал калория бар екен. Асқабақ диетасын ұстағанда, орта есеппен, күніне 500 гр салмақтан арылуға болады.

Диета ұзақтығы: 12 күн

Ерекшелігі: тұтынатын барлық тағамның негізгі компоненті - асқабақ болуы керек.

Күтілетін нәтиже: 12 күнде, шамамен, 6-7 кг.

Диета ұстау жиілігі: жылына бір реттен артық емес.

Қосымша эффект: асқорыту жүйесін жақсартады, тері мен шашқа оң әсерін тигізеді.

Кімдерге бұл диетаны ұстауға болмайды: кез келген созылмалы ауруы бар адамдар, жүкті және емшекте баласы бар әйелдер.

12 күннен тұратын диетаны 4 тәуліктен қайталанатын 3 кезеңге бөлеміз. Демек, төрт күннен кейін қайтадан бірінші күннің ас мәзірінен бастайсыз. Асқабақтан дайындалған тағамнан кейін ашырқау сезімі әдеттегідей жиі болмайды.

Асқабақ диетасында тағамның көлеміне шектеу қойылмайды. Яғни рұқсат етілетін тағамды үш уақыт қалауыңызша жеуіңізге болады, бірақ бұл үш уақыттан басқа кезде ешқандай тіскебасарға рұқсат жоқ. Сондай-ақ сұйықтықтан тек газсыз су (1,5 литрден кем емес) және көкшай (3-4 кесе) ішу керек.

Бірінші күн

Таңғы ас: миндаль қосылған асқабақ салаты (жаңғақ орнына асқабақ дәнін де пайдалануға болады) немесе майлылығы төмен сүт не суға пісірілген асқабақ ботқасы.

Түскі ас: асқабақ езбе сорпасы

Кешкі ас: түрлі дәмдеуіштермен бұқтырылған асқабақ.

Екінші күн

Таңғы ас: миндаль қосылған асқабақ салаты (жаңғақ орнына асқабақ дәнін де пайдалануға болады) немесе майлылығы төмен сүт не суға пісірілген асқабақ ботқасы.

Түскі ас: көкөніс сорпасы мен асқабақ пен жұмыртқаның ағынан немесе сұлы жармасынан дайындалған котлет.

Кешкі ас: алма (пешке пісірілген алмалармен алмастыруға болады).

Үшінші күн

Таңғы ас: миндаль қосылған асқабақ салаты (жаңғақ орнына асқабақ дәнін де пайдалануға болады) немесе майлылығы төмен сүт не суға пісірілген асқабақ ботқасы.

Түскі ас: тауық етімен көкөніс сорпасы

Кешкі ас: ананас пен асқабақтан дайындалған салат.

Төртінші күн

Таңғы ас: миндаль қосылған асқабақ салаты (жаңғақ орнына асқабақ дәнін де пайдалануға болады) немесе майлылығы төмен сүт не суға пісірілген асқабақ ботқасы.

Түскі ас: көкөніс сорпасы немесе борщ және буда пісірілген көкөністер

Кешкі ас: асқабақ пен өзге де көкөністер (картоптан басқасы) қосылған бұқтырылған рагу.

Диетада берілген тағамдардың дайындалу жолдары:

Жаңғақ қосылған асқабақ салаты

Қабы мен дәнінен тазартылған 100 гр шикі асқабақты жіңішкелеп тураңыз. 2 шай қасық ұсақталған жаңғақ қосып, аздаған бал, зәйтүн майы немесе қоспасыз йогуртпен араластырыңыз. Салат дайын!

Асқабақ ботқасы

500 гр тазартылған асқабақты төртбұрыштап турап, 1 л су құйып жұмсарғанша қайнату керек. Алдын ала суға бұқтырылған қоңыр күріштен 7 ас қасық салып, күріш піскенше тағы қайнатыңыз. Одан кейін бір стакан майлылығы төмен сүттен аз-аздан құйып, араластыра отырып, тағы 5 минут қайнасын. Біраз тұрғаннан кейін жылы күйінде де, салқындай да ішуіңізге болады.

Асқабақтан дайындалған котлет

Шағын асқабақты тазалап, көзі үлкен үккіштен өткізіңіз. Отта бұқтырып, суытып алғаннан кейін 1 стакан сұлы жармасын, аздаған тұз бен екі жұмыртқаның ағын қосыңыз. Әбден араластырып, шағын котлеттер дайындаңыз. Табаға аздаған сұйық май құйып, пісіріп алыңыз.