- Advertisement -

Қытайдың салтанатты шеруіндегі мініске Іле жылқысы таңдалып алынды

63

- Advertisement -

20160203084151Қытайдың салтанатты шеруіндегі мініске Іле жылқысы таңдалып алынды.

Бұдан былай Қытайдың мемлекеттік салтанатты шараларына Іле жылқысы ғана мініледі. Негізінен қазақтар көп шоғырланған аймақтағы бұл жылқының тұрқы биік, шыдамды келеді. Оны халық арасында Іле қазақ жылқысы деп те атайды. Бұл туралы «Шыңжан» жаңалықтары басылымы жазды. Бейжіңде қаңтар айында жылқы шаруашылығы қауымдастығының отырысы өткен. Жиында Қытайдың салтанатты шеруге арналған жылқы түрін таңдау мәселесі қаралған. Талап бойынша, жануар бойының биіктігі — 1 метр 60 см, түрі қара немесе қара торы болуы шарт. Мамандар өзара ақылдаса келе көптеген жылқы тұқымының ішінен қазақтың Іле жылқысын таңдайды. Түрлі спорттық сайыстарда жеңімпаз атанып, көзге түсіп жүрген жануардың бұл түрі тұрқы биік, мінезі жұмсақ, үйретуге жеңіл болып келеді екен, деп жазады 24.kz.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support