Денсаулық

Қазақстанда жұмыссыздық болмауы керек - Н. Назарбаев

Қазақстанда жұмыссыздық болмауы керек - Н. Назарбаев

20160129121809Қазақстанда жұмыссыздық деген болмауы керек. Бүгін  "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс 17-ші съезінде сөз сөйлеген ҚР Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Қазақстанда жұмыссыздық деген болмауы керек. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар», - деп тоқталды Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент елімізде тиісті бағдарламалар мен қаржылық қолдау тетіктері қамтылғанын, сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасын» өзектендіру арқылы еңбек адамдарына қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Елбасы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру арқылы алдағы бірнеше жылдың ішінде 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берілетінін еске салып өтті.

«Бұл тақырып әр ел үшін маңызды мәселе. Тек ағымдағы 2016 жылы республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 225 млрд. теңге сомасында арнайы резерв қарастырылған», - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы әлемде 250 миллион адам жұмыссыздық шырмауында екенін, 1 млрд. 700 миллион адам еңбекке қабілетті екенін айта келе, тек 1,2 млрд. адам барша әлемде тұрақты жұмыспен қамтылғанан атап өтті.