- Advertisement -

Белгілі ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың бейнежазбасы табылды

127

- Advertisement -

photo_23921Белгілі ғалым, қазақтың алғашқы кәсіби шығыстанушыларының бірі Әуелбек Қоңыратбаевтың бейнежазбасы табылды, — деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, бейнежазба өткен ғасырдың 80-ші жылдары түсірілген. Ұлт зиялысы көрермендер арасынан көзге шалынады. Бейнетаспа иесі, ғалымның ұлы Тынысбек Қоңыратбаев оны аса құнды жәдігерге балайды.

Әуелбек Қоңыратбаев — қазақтың алғашқы кәсіби шығыстанушыларының бірі. Оның үлкен табыстарының бірі — «Ежелгі түркі тайпалары поэзиясы және қазақ фольклоры» тақырыбындағы докторлық диссертациясы. Бұл еңбек өзінің құндылығымен Сәбит Мұқанов, Әлкей Марғұлан, Бейсенбай Кенжебаев сынды ғалымдардың назарына ілігіп, жоғары бағасын алған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support