Денсаулық

Белгілі ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың бейнежазбасы табылды

Белгілі ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың бейнежазбасы табылды

photo_23921Белгілі ғалым, қазақтың алғашқы кәсіби шығыстанушыларының бірі Әуелбек Қоңыратбаевтың бейнежазбасы табылды, - деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, бейнежазба өткен ғасырдың 80-ші жылдары түсірілген. Ұлт зиялысы көрермендер арасынан көзге шалынады. Бейнетаспа иесі, ғалымның ұлы Тынысбек Қоңыратбаев оны аса құнды жәдігерге балайды.

Әуелбек Қоңыратбаев - қазақтың алғашқы кәсіби шығыстанушыларының бірі. Оның үлкен табыстарының бірі - "Ежелгі түркі тайпалары поэзиясы және қазақ фольклоры" тақырыбындағы докторлық диссертациясы. Бұл еңбек өзінің құндылығымен Сәбит Мұқанов, Әлкей Марғұлан, Бейсенбай Кенжебаев сынды ғалымдардың назарына ілігіп, жоғары бағасын алған.