- Advertisement -

Әлемдегі ең үздік мейрамхананың бас аспазы өзіне қол салды

85

- Advertisement -

20160201140350Әлемдегі ең үздік аспаздардың бірі — 44 жастағы Бенуа Виолье өзіне қол салды. Теңдесі жоқ Hôtel de Ville мейрамханасының бас аспазының денесі 31 қаңтар күні өз үйінде табылды. Швейцарияның Во кантонының (әкімшілік-территориялық бөлініс) полицейлерінің мәліметінше, ол өзіне оқ атқан.

Виолье бірден Michelin үш жұлдызы дәрежесі берілген Hôtel de Ville мейрамханасында 1996 жылдан бері жұмыс істеп келген. Сол уақыттан бері оның мансабы өсе берген. 2015 жылы Бенуа Виолье басқарып отырған Hôtel de Ville мейрамханасы La Liste — әлемнің үздік мейрамханаларының рейтингінде көш бастаған.

Виолье өзі Le Chefs журналы шығарып отыратын әлемнің үздік аспаздары рейтингіне тұрақты түрде еніп отырған. 2016 жылдың басындағы тізім бойынша ол 9-орында тұрған, деп жазады РБК.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support