- Advertisement -

Қарсыластарын алып та, шалып та жыққан

86

- Advertisement -

Нұрбол Әшім халықаралық жарыс жеңімпазы атанды

Қырғыз елінің Бішкек қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир болып өтті. Байрақты бәсекеде Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан және Қырғыз елінен 700-ге жуық жас балуандар бақ сынады. Тараз қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернатының спортшысы Нұрбол Әшім осынау байрақты бәсекеде 50 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алтын жүлде иеленді.
Ол бұған дейін грек-рим күресінен облыстық, республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып, халық­аралық додаларда жүлде­герлер қатарынан көрінген. Атап айтсақ, 2015 жылы Ақмола облысы, Жақсы қаласында 2001-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында алтыннан алқа тағынды. Білекті балуанды бәсі жоғары жарыстарға бап­таған жаттықтырушысы –
Рүстем Ахметов.

Толғанай Бекетқызы,
журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support