Денсаулық

Нұртас Адамбай Тараз қаласы туралы фильм түсірмек

Нұртас Адамбай Тараз қаласы туралы фильм түсірмек

pogudx5vv0s4n0dlh.4f716639Танымал актер әрі режиссер Нұртас Адамбай туған өлкесі Тараз қаласы жайында фильм түсірмек. Фильм  “Тараз” деп аталады.

Актер кино желісін өмірден алған. Онда тоғысқан тағдырлар, достық, адалдық, батылдық, намыс жайлы баян етіледі.

“Туған қалам мені көп нәрсеге үйретті. Фильмде қарапайым адамдардың қиын тағдыры көрсетіледі. Бұл қала маған жақсы тәрбие берді. Осы кино арқылы Таразға деген ризалығымды білдіргім келеді”, – дейді Нұртас Адамбай.

Актер фильмнің комедиялық туынды болмайтынын айтып өтті. Шығармашылық ұжым жақсы дүние шығару үшін барын салуға уәде берді. Түсірілім жұмыстары көктемге жоспарланып отыр.