Денсаулық

Италияда ауа райы күрт жылынып, жидектер гүлдей бастады

Италияда ауа райы күрт жылынып, жидектер гүлдей бастады

20160201020824Италияда ауа райы күрт жылынып, жидектер гүлдей бастады. Тіпті бұрын-соңды қыс мезгілінде мұндай температура болмаған деседі.

Биыл өзге жылдармен салыстырғанда орташа есеппен 6 градусқа жылырақ болып тұр. Ал негізінен Италияда қаңтар ең суық ай болып саналады. Бірақ елдің оңтүстік аймақтарында термометр +19 градусты көрсетіп тұр. Тіпті кей жерлерде мамырда бүршік жаратын гүлдер шығып, жидектер гүлдей бастаған.

Мамандардың айтуынша, жылы қыс бірінші кезекте ауылшаруашылық иелеріне айтарлықтай кесірін тигізуі мүмкін, деп жазады 24.кз.

- Бұл жағдай уақыт өте келе қалыпты жағдайға айналмақ. Алдағы 100 жылдық болжам бойынша 2100 жылы Италияның солтүстігінде ауа температурасы 5 градусқа көтерілмек. Сондықтан қазір бізге жылы болып отырған қыс болашақта үйреншікті болып кетеді, дейді Италияның Қоршаған ортаны қорғау институтының қызметкері Франческа Джордано.