Денсаулық

Ресей Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын айтып, бұған дейін Анкараның айтқанын барлығын жоққа шығарды

Ресей Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын айтып, бұған дейін Анкараның айтқанын барлығын жоққа шығарды

pogudx45m38a01sa5.89a76779Ресей қорғаныс министрлігі өз қарулы күштерінің Су-34 әскери ұшағы Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын айтып, бұған дейін Анкараның айтқанын жоққа шығарды деп хабарлайды Азаттық.

Ресейлік әскери министрлік өкілі Игорь Конашенков ресейлік ұшақ туралы Анкараның мәлімдемесін «жалаң пропаганда» деп атады.

Сенбі күні Түркия сыртқы істер министрлігі қаңтардың 29-ы күні Ресей әскери ұшағы түрік әуе кеңістігін бұзғанын мәлімдеп, Мәскеуді екі ел арасындағы жағдайды шиеленістіргісі келеді деп айыптап, ондай кез-келген іс-әрекеттің салдары үшін Ресейге жауапкершілік артылатыны туралы ескерткен.

Сонымен бірге түрік жағы Анкарадағы орыс елшісіне жұма күні наразылық білдіргенін хабарлады.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейді осы альянсқа мүше елдердің әуе кеңістігін бұзбауға шақырған.

«Өткендегі оқиғалар мұндай іс-әрекеттердің қаншалықты қауіпті болуы мүмкін екенін байқатты», – деген Столтенберг.

Өткен жылы 24 қарашада түрік әскери әуе күштері Сириямен шекара маңында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын әуеден атып құлатқан соң Ресей мен Түркия арасындағы жағдай нашарлап кеткен. Анкара ол жолы да «ресейлік ұшақ ескертуімізді елемей, әуеде шекарамызды бұзды» деп мәлімдеген.

Бірақ Мәскеу ондай айыптауларды түгел жоққа шығарып, Түркияға қарсы санкциялар енгізген.