Денсаулық

Швейцарияда сегіз күндік сиам егіздерін сәтті бөлді

Швейцарияда сегіз күндік сиам егіздерін сәтті бөлді

20160201021016Швейцариялық Берн госпиталінде сиам егіз-қыздарды бөлу отасы сәтті аяқтады, деп хабарлады Би-би-си қызметі.

Швейцариялық БАҚ хабарламасына сәйкес ота желтоқсанда жасалған, алайда ол жайлы ресми енді ғана хабарланды. Ота қыздардың туылғанына сегіз күн өткен соң жасалған. Нәрестелердің бауыр мен кеуделері жабысып туылған. Бұл дүниеге келгенінен бірнеше күн өткен сиам егіздеріне жасалған алғашқы сәтті ота.

Ота 5 сағатқа созылған. Оған 12 дәрігер қатысты.

Бастапқыда отаны бірнеше ай өткен соң жасамақшы болған,  алайда нәрестелердің денсаулығы нашарлаған соң, дәрігерлерге шұғыл ота тағайындауға тура келген.

Дәрігерлердің айтуынша, оларды бөлу нәрестелердің өмірін сақтап қалу үшін жалғыз ғана мүмкіндік болған.

Мұндай оталарда 100-ден бірі ғана тірі қалады.