- Advertisement -

Жастарға зор сенім жүктеліп отыр

95

- Advertisement -

Айнұр КЕЛІМБЕТОВА,
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, партияның облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясы еліміздегі шын мәніндегі беделі жоғары ұйымға айналып отыр. Ұйым құрылғалы бері елімізді дамытуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға байланысты көптеген жұмыстар атқарып келе жатқанын бәріміз де жақсы білеміз. Мұндай ауқымды шаралар партия тарапынан алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Екі мыңнан астам делегат қатысуымен өткен партияның кезектен тыс XVII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «нұротандықтардың» өздеріне жүктелген халықтың сенімін ақтап отырғанын айтып, еліміздің бас саяси ұйымы алдына алдағы бесжылдықта жүзеге асырылар жаңа мақсаттар мен міндеттер жүктеді. Мемлекет басшысы әсіресе, жастарға үлкен сенім білдіріп, олардың жаңа технологияларды меңгеруі қай кездегіден де маңызды екенін, осы орайда өңірлік ғылыми орталықтар құруды жеделдетуді атап көрсетуі жігерімізді үстей түсті. Аймақтық филиалдардың Саяси кеңестерінде талқыланып бекітілген сайлауалды тұғырнама да съезд қарауына ұсынылды. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі қағидаттары мен басымдықтары осынау маңызды құжаттың басты арқауы ретінде қарастырылған. Мәжіліс депутаттарын сайлау жөніндегі партиялық тізім мәселесі де қозғалды. Партиялық тізім құрамына еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына үлес қосып жүрген азаматтардан бөлек, болашағынан үміт күттіретін білікті де білімді, жаңашыл жастардың да кіргені бізді, жастар өкілдерін, айрықша қуантып отыр. Олардың қатарында Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Нұрлан Әлімжан, Жанар Дұғалова және Қайрат Нұртас секілді елімізге танымал спорт және өнер саңлақтары бар. Бұл болашақ халық қалаулыларының сапалық құрамы артатынына, депутаттар қатарына жаңа күш қосылатынына сенімімізді ұлғайта түсті.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support