- Advertisement -

Ел мүддесімен үндес шықты

68

- Advertisement -

Нұрлан Несіпбеков,
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Елбасы саясатын қолдаумен қатар, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы бағытында ауқымды істер тындыра білген «нұротандықтардың» Елордада бас қосып, жиын өткізуі қоғам үшін зор мәнге ие деп айта аламын. Президентіміз, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде Ұлт Көшбасшысының кемеңгерлігі мен бастамашыл идеялар иесі екеніне тағы бір қаныға түстік. Ол – елдің бақыты үшін туылған нағыз қайраткер тұлға. Бұлай деуіме Н.Ә.Назарбаевтың қазіргідей жаһандық ахуалды тыңнан сүрең сала біліп, экономикалық өркендеу мен нәтижелі реформалар жасау және дамудың даңғыл жолын айқындап беру қабілеті дәлел. Әркез даналығымен қоса болашаққа көш бастауда жаңалығымен де таңғалдырып жүрген Президентіміз бұл жолы да өзінің парасаттылығымен партия беделін арттыратын бастамалар ұсынды. Сонымен қатар, жиында партияның «Қазақстан – 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы қабылданды.
Съездің күн тәртібіне қойылған мәселелер мен қабылданған шешімдер әрбір қазақстандықтың көкейіндегісін дөп басқанына сенімім мол. Себебі, бұл жиын тың бастамалармен қоса, мемлекеттік жауапты шешімдердің қабылдануына ұйытқы бола білді. Әрбір мәселе жан-жақты талқыланып, әрбір жағдаяттар халық тілегімен үндестік тапқан жиында «нұротандықтарға» Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру тапсырылды. Ал партия аясында қолға алынатын бұл шаруалар қоғам үшін өте маңызды екені айдан анық.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support