- Advertisement -

Елбасының қамқорлығына разымыз

70

- Advertisement -

Бейбіт Ыстыбаев,
«Қазақстан барысы» республикалық турнирінің 2 дүркін чемпионы.

Қазақстан дербес ел болған­нан бері басқа сала­лармен бірге қазақ спор­тының, оның ішінде қазақ күресінің де мерейі асты.
Елбасы қамқорлығы мен мемлекет қолдауының арқасында спортшылар Тәуелсіздік­тің 25 жылдығын толайым табыстармен қарсы алды.
Мен ғана емес, осы съездің делегаттары Ұлан Рысқұл, Геннадий Головкин, Илья Ильин, Серік Сәпиев және басқа да чемпиондардың барлығы Елбасының қамқор­лығымен әлемдік табыстарға жетті. Тәуелсіздіктің 25 жылында талай байрақты бәсекелерде көк туымызды биікте желбіретті.
Қазақ күре­сі соңғы уақытта ерекше қамқор­лыққа ие болып, әлемге танымал спорт түріне айналды. Былтырғы жылы «Қазақстан барысы» атанғанда Елбасы қолынан алған алтын тайтұяқ спорттық жолымдағы ең үлкен мәртебем екенін мақтанышпен айта аламын. Ата-бабамыздан мирас болып қалған қазақ күресінің ортамызға қайта оралып, халықтың көзайымына айналғаны жастарды патриоттық қасиетке баулуда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support