- Advertisement -

Тұмау – қауіпті дерт

95

- Advertisement -

Елімізде жіті респираторлы вирусты инфекциямен және тұмаумен сырқаттанудың көтерілуі алдыңғы эпидемиялық маусымдарды талдау нәтижелері бойынша үстіміздегі жылғы қаңтар айының соңына, сондай-ақ, ақпан айының басына дөп келеді, ал мамыр айында сырқаттанушылық бірлі-жарым азаяды деп күтілуде.
Облысымызда аталған ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың тиімді жүйесі қалыптастырылған. Жедел эпидемияға қарсы шаралар қолдану мақсатында жыл сайын 1 желтоқсаннан бастап халықтың осы ауру түрлерімен сырқаттанушылық жағдайына және еліміздегі, сонымен бірге шетелдердегі тұмау вирусының айналымына күн сайын мониторинг жүргізіліп отыратыны белгілі. Биылғы эпидемиялық жағдай қалыпты деп саналуда, бақылау деңгейінен арту дерегі анықталған жоқ. Облыста биылғы эпидемиологиялық маусымда 10 мыңнан астам адам жедел респираторлық індетпен және 50-ден астам адам тұмаумен ауырып, сауығып шықты. Яғни өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, сырқаттанудың 20 пайызға төмендегені байқалуда. Сырқаттанғандардың басым денін 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр.
Маусымның басында болжанғандай, бүгінде еліміз аумағында тұмаудың А(H1N1), A(H3N2) және В вирустары, сондай-ақ, алдыңғы жылдардағы сияқты парагрипп, респираторлық-синцитиалды инфекция, риновирустық және аденовирустық инфекция сияқты тұмауға жатпайтын инфекциялар да айналымда жүр.
Иммунитетті көтеретін профилактиканың пияз, сарымсақ сияқты табиғи фитонцидтер, шөптер, қарақат, итмұрын қайнатпаларын көп ішу, құрамында С витамині бар ашытқан қырыққабат, цитрус өнімдері сияқты өнімдерді қолдану, сондай-ақ белокқа бай өнімдерді қолдану секілді қолжетімді әдістерін де пайдалануды ұмытпау керек. Тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрастылы себезгі мен бассейнді пайдалануға дейін ағзаны шынықтыру да артықтық етпейді.
Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге барып тексерілу керек.

Дүйсекүл ӘБДІРАМАНОВА,
Тараз қалалық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы
эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы.

Еркежан ТӘЖІБАЕВА,
жетекші маман.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support