Жария ету тәртібі жеңілдетілді
Жария ету тәртібі жеңілдетілді
Мүлікті және қаржыны заңдастыру ресімдерін оңайлату бойынша қолданыстағы заңға өзгертулер және толықтырулар енгізу, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарымен қарастырылған болатын. Осыған орай, 2015 жылдың 13 қарашасында Мемлекет басшысы оның тәртібін жүргізудің жаңа жолдарын айқындайтын мүлікті жария ету мәселелері бойынша заңға қол қойылды. Бірінші, ақшаны жария ету тәртібі түпкілікті жеңілдетілді. Енді қаражатты екі тәсілменен заңдастыруға болады. Банктік шоттары арқылы оны көрсете отырып, өзіңе керек мұқтажыңа пайдалануға, мысалы, бизнеске салуға, жылжымайтын мүлік сатып алуға және тағы басқа немесе шоттан ақшаны алып алуға болады. Оның үстіне, осының бәрі 10 пайыздық алымсыз жасалынатын болады. Өтінімдік нысанда оларды банктік шоттарда көрсетпей, нақты айналымдағы немесе шетелде орналасқан ақшаны жария етуге болады. Алайда, бұл жағдайда бюджетке 10 пайыздық алым төленеді. Екі жағдайда да ақшаны жария ету субъектісі мемлекеттік кірістер органдарына сәйкестік декларацияны өткізеді. Екінші, мүлікті жария ету тәртібі біршама ықшамдалды. Енді Қазақстан аумағында орналасқан және рәсімделген мүлікті заңдастыру үшін құжаттарын қоса отырып сәйкестік декларацияны мемлекеттік кірістер органдарына өткізсе жеткілікті болады. Осы жағдай Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлікті жария етуге де қатысты. Ал мемлекеттік кірістер органдарында құрылған комиссиялар – артық буын ретінде таратылды. Мүлікті жария ету субъектісі, Қазақстан аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ететін жағдайда ғана жергілікті әкімдіктердің жанынан құрылған комиссияларға өтінеді. Үшінші, жария ету мерзімі және жалпыға бірдей мағлұмдамалықты енгізу. «Жария ету – бұл соңғы мүмкіндік, бұдан кейін кешірім болмайды. Жария ету дегеніміз – жалпылық мағлұмдамалықты енгізер алдындағы соңғы қадам», – деді Мемлекет басшысы. Аталған акция аяқталғаннан кейін, бүкіл әлем бойынша шетелдік шоттардағы мәліметтер қайта тексерілетін болады. Аталған заң, біріншіден, шетелдік шоттардағы мәліметтерді жасырғаны үшін әкімшілік жазаны қатаңдатуды, екіншіден, Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі мүлікті міндетті мағлұмдамалауды болжайды. Жария ету бойынша акциясының аяқталуын және жалпылық мағлұмдамалықтың басталу үдерісін үйлестіру үшін рақымшылық жасау мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Жария ету субъектілеріне берілген қосымша кепілдіктер мәселелері бойынша ерекше тоқталғым келіп отыр. Мүлікті жария етуге байланысты кез-келген мәлімет, банктік және салықтық құпия болып табылады. Осыған орай, жария ету бойынша мәліметтерді үшінші тұлғаларға таратуға ешкімнің құқығы жоқ, оның ішінде жария ету бойынша комиссиясының жұмыскерлері, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері және екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінің жұмыскерлері бар. Ондай мәліметті таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, жария ету субъектілері құқық қорғау және басқа органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғалған. Мысалы, ақша мен мүлікті жария ету фактісін алып, оны айғақ ретінде пайдалануға немесе қылмыстық іс қозғауға тыйым салынады. Сондай-ақ, жария етілген мүлік тәркілеуге жатпайды. Мемлекет тарапынан, халықтың белсенділігін арттыруға және өткізіліп жатқан акцияға қатысуына мейлінше қолайлы және тартымды жағдайлар жасалынған.
Асқар Қырықбаев, облыс әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы.