- Advertisement -

Көршіңізбен қалайсыз

86

- Advertisement -

Соңғы уақытта біз тұратын Ғани Мұратбаев атындағы көше көріктендіріле түсті. Қай-қай ауылдың да ажарын ашатын тегіс жолы, жарықтандырылуы, таза ауыз суы екені рас.
Бұл мәселелер біздің де көптен бергі «бас ауруымыз» болып келген-ді. Оның оң шешілуіне Тұрғынәлі Шегірткеев есімді айтулы азаматтың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Ол кісі жасы сексенге таяса да, қоғамдық жұмыстарда белсенділігінен танбай келеді. Қарияның басшыларға шығып, ықпал жасауының нәтижесінде көшемізге су құбырлары тартылды. Бұл да «мұратбаевтықтардың» талайдан бері қолы жетпей жүрген игілігі еді. Суды басқа көшелерден шелекпен, арбамен тасып әбігерге түсетінбіз. Ал қазір 45 отбасы үйді-үйлеріне тартқызып алып, құбыр суын емін-еркін пайдалануда. Жақында іске қосылған тасжол жолдың да қызығын көріп отырмыз. Бұл да Тұрғыналы қарияның еңбегі.
Иә, ол кісі – жастайынан тірлікке араласып, адал еңбектің бағасын біліп өскен жан. 42 жыл темір жол саласында аянбай еңбек еткен. Білім саласының ардагері, жұбайы Роза Қасымқызы екеуі екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсіріп, қатарға қосты. Оған адамгершілік қасиеттері мен көршілеріне жасаған жақсылығы үшін айтар алғысымыз шексіз.

Бақтыбек РЫСЖАНОВ,
Ғ.Мұратбаев көшесінің тұрғыны.

Шу қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support