- Advertisement -

Қателер түзетілді

115

- Advertisement -

Облыстық «Ақ жол» газеті 2016 жылдың 14 қаңтарындағы №5 санында «Сағың сынатын «сақау» аудармалар» атты мақала жариялады. Онда аудандағы бірқатар жарнамалар мен ақпараттық тақтайшалардағы орашолақ аудармалар жайында жазылған. Сын мақалада айтылған жайттар бойынша аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары зерделеу жұмысын жүргізді. Дәлірек айтсақ, орталық алаңдағы жаңа ғимаратқа қоныс аударған сақтандыру компаниясының жарнамасы Жаңа жыл қарсаңында ілінген. Қатесін мойындаған компания өкілі жарнаманы жедел түрде алып тастады. Ал аудандық орталық аурухана перзентханасының ішіндегі ілінген кестеге келер болсақ, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері З.Қадырбекова қызметкерлері жіберген қатені түзетіп, оны «сәлемдеме қабылдау» деп өзгертті.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес зерделеу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде және алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сұлтан Омаров,
Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support