- Advertisement -

Шуақты шаңырақтар көп болсын

71

- Advertisement -

Жалпы, бұрынғы қазақтардың тоқал алу мәселесін еріккендердің ермегі, немесе байлыққа мастанушылық деп түсінер болсақ, қатты қателесеміз. Ол тұста қазақ үшін жер дауы мен жесір дауы ар мен абыройдың, ел мен естің мәселесі болғаны белгілі.
Көп әйел алушылық, әмеңгерлік, жесірін жатқа жібермеуден, жетімін тентіретіп, әркімге көзтүрткі етпеуден туындап, қалыптасқан туыстық-отбасылық салт-дәстүр. Мұндай жағдайдың қазақ қоғамы­ның қай кезеңінде болсын көптеп орын алғаны анық. Әсіресе, бақуатты адамдардың көп әйел алуы мәселесіне келсек, олар әрбір әйелінің жеке шаруашылығы, шағын ауылы болуын әсте ұмытқан емес. Тіпті, малының соңында жүрген жоқ-жітіктеу ағайындарын да аяқтандырып, үй етіп, жағдайларына да қарайласып отырды.
Ертеде қазақтарда екі-үштен әйел алу мәселесі тұрмыстық қажеттілікті шешу жолы болды.
«Бүгінгі таңда елімізде тұрмыс құра алмаған бірнеше мыңдаған бойжеткен бар» деген дерек жиі ауызға алынады. Олардың тұрмыс құра алмауларының себеп-салдарлары әр алуан. Дегенмен, өте өкінішті. Сол сыңарын таба алмай жүргендердің әрқайсысы Алланың берген ұл-қыздарын сүйсе, қандай бақытты болар еді. «Жалғыздық Құдайға ғана жарасады» деген дана халқымыз. Сондықтан жастарға соқа басы жүргендері жараспайды. Еліміздің басты байлығы –
оның әрбір мүшесі және олардың жан-жақты үйлесімді өмір сүруі болып табылады.
Ең бастысы, шаңырақ шайқалмағаны жөн. Азамат­тарымыз бір бойжеткенді бақытты етемін деп өз адамы­ның көз жасына қалмауы керек. Ата салтымыз осы екен деп, желөкпелікке салынып, бала-шағаның обал-сауабына қалып, екінші әйел алғысы келетіндерге мүлде жол беруге болмайды. Дүниеде отбасы жарас­тығынан асар ештеңе жоқ.

Айтмахан ТЫШҚАНБАЕВ,
зейнеткер.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support