- Advertisement -

Планетарлық мәні бар жоба

308

- Advertisement -

   Ағымдағы жылдың наурыз айында «Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірде жүзеге асқан еуразиялық жобасы. Еуразиялық жобаның 20 жылдығына. 1994 – 2014» атты кітап жарық көрді. Бұл — «Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы жобаны» жүзеге асырудың барысын құжаттар негізінде жан-жақты қарастырған тұңғыш кітап. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұдан 20жыл бұрын, 1994 жылдың наурыз айында Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде осы аталған жобаны философиялық идея әрі посткеңестік елдердің «өркениетті айырылысу идеологиясының» орнына бұдан арғы іс-әрекеттерде басшылыққа алатын құжат тұрғысында ұсынған болатын. Нақ осы идеядан кейінірек Еуроазиялық экономикалық  одақ құруға мүмкіндік беретін тиімді еуразиялық ықпалдастық құрылымдары өсіп шықты.

   Кітаптың авторы — белгілі саясатшы және дипломат, Еуроазиялық экономикалық қауымдастықтың бас хатшысы Тайыр Мансуров — еуроазиялық жобаның посткеңестік елдердің алдынан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашуға мүмкіндік беретін басты құрал ретіндегі тарихи рөлін бірізділікпен ашып берген.

Кезінде еуроазия теориясының негізін қалаушылар (Г.В. Флоровский, Н.С. Трубецкой, Г.В. Вернадский, С.М. Соловьев, Л.Н. Гумилев) еуразия кеңістігінің біртұтастығын табиғаттың өзі айқындағандығын және оның тарихи дамуы табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлардың өзара тығыз әрекеттесуіне негізделген деп жобалаған-ды. Олардың сенімі бойынша, еуразия халықтары — бәсекелестер емес, керісінше одақтастар болып табылады.

  Нұрсұлтан Назарбаевтың ойы бойынша, мемлекеттердің еуразиялық одағы — бұл, әр ұлттық мемлекеттің мүдделері жүзеге асырылатын және барлық жиынтық әлеуеті пайдаланылатын тәуелсіз мемлекеттердің тең құқылы одағы. Экономикалық байланыстар — Еуразия мемлекеттер одағы бірлестігінің негізі болып табылады. Еуразия мемлекеттері

Одағы моделін құрудың басым принциптері — ықпалдастыққа прагматикалық көзқарас, экономикалық мақсаттылық және мемлекеттердің бірігуіндегі еріктілік. Өзара әрекеттестіктің басты бағыттары: экономика, сауда, ғылым, мәдениет, білім және экология. Еуродақпен тақылеттілік тұрғысында жобада басқарудың жоғары ұлттық органдарын құру қарастырылған.

Еуразиялық ықпалдасуды ілгері жылжыту өзінің ықпалдастық идеясының тиімділігіне Владимир Путиннің, Александр Лукашенконың және басқа да посткеңестік мемлекеттер басшыларының көзін жеткізе білген қазақстандық көшбасшының өмірлік ісіне айналды. Олардың еуразия жобасына белсенді қатысуы біртіндеп жүзеге асырылуда.

 Кітапта Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Россия және Тәжікстан мемлекеттері басшыларының 2000 жылдың 10 қазанында айқын функциональдық құрылымы, жұмыс істеудің тиімді тетіктері, Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік, әлемдік сауда-экономикалық жүйеге кірігу сияқты анық және ұғынықты мақсаты бар халықаралық ұйым — Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құруы қазіргі заманғы еуразиялық ықпалдастықты құрудың бастау көзі болғандығы атап көрсетіледі.

 Еуроазиялық экономикалық қауымдастық кешегі посткеңестік кеңістіктегі өзге аймақтық бірлестіктерден алға қойған міндеттердің бұлжытпай бірізділікпен және қысқа мерзім аралығында өмірде жүзеге асырылуымен ерекшеленеді. Осылайынша, ЕурАзЭҚ шеңберінде 2010 жылдан бергі аралықта үш елдің Кедендік одағы жұмыс істейді, 2012 жылдан бері 2015 жылдан бастап толық форматты жұмыс режиміне көшетін Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылуда. Табиғи, экономикалық, ғылыми және адами әлеуеттердің жиынтығын анағұрлым толық және тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісім-шартқа ағымдағы жылы қол қойылып, бекітіледі деп жоспарлануда.

 Бизнес пен жұртшылық үшін ұйымдасқан құрылым ретінде Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік емес, бірыңғай нарықтың құрылуына байланысты заңнама мен сауда-өнеркәсіптік үдерістерге енгізілетін өзгерістер негізгі рөл атқарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі күшейеді, мемлекетаралық өндірістік және сауда бірлестіктері, бірлескен кәсіпорындар құрылады. Үш елдің ортақ нарығы өзара  және шетелдік инвестиция тартуда анағұрлым тартымды бола түседі, кәсіпкерлер экономиканың дамуы мен жаңа жұмыс орындарының ашылуын жеделдетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қосымша ресурстарға ие болады. Сондай-ақ, Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің аса ауқымды транзиттік әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануға қол жеткізіледі деп күтілуде.

 Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің азаматтары үшін шекарааралық байланыстар мүлдем жеңілдемек. Олар шекаралардан кедендік процедураларды орындамай-ақ өтеді және күш-жігерлері мен еңбек машықтарын ортақ еңбек нарығына жұмылдыруларына жол ашылады. Оның үстіне еңбек мигранттары заңмен қорғалады, олардың өздері мен отбасылары үшін міндетті медициналық және білім беру қызметтері қолжетімді болады.

 Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікті құрудағы басты мақсат — қатысушы-елдердің әлеуетін біріктіру нәтижесінде олардың әрқайсысының 10 жыл бірлескен жұмысы арқасында ішкі жалпы өнімнің 17- 20 пайыз көлемінде қосымша өсімін қамтамасыз ету. Бұл — салыстырмалы тұрғыдан алғанда 700 миллиард долларға тең қаржы.

 Болашақта Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке, экономикасын серпінді дамытуға және халқының өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік беру үшін басқа да посткеңестік кеңістік елдерін тарту жоспарлануда. Армения мен Қырғызстан қазірдің өзінде Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіру үшін белсенді жұмыс істеуде. Сондай-ақ, Тәжікстан да өзінің осы бағыттағы қызығушылығын танытуда.

You can find all the information about that jetzt hier herausfinden on the internet.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support