- Advertisement -

Жанар Дұғалова мен Геннадий Головкин «Нұр Отан» атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат атанды

76

- Advertisement -

photo_23850Геннадий Головкин мен Жанар Дұғалова «Нұр Отан» партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар қатарына қосылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өтіп жатыр. Съезде партияның сайлауалды бағдарламасы мен Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі жарияланады.

«Нұр Отан» партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізіміндегілер:

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова,
ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин,
премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева,
спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы,
«Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ төрағасы Ахметжан Есімов,
«Бәйтерек» АҚ төрағасы Қуандық Бишімбаев,
боксшы Геннадий Головкин,
әнші Жанар Дұғалова,
спортшы Илья Ильин,
әнші Қайрат Нұртас,
боксшы Серік Сәпиев,
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев,
ШҚО әкімі Даниал Ахметов,
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин,
актер Нұрлан Әлімжанов бар.

Толық тізімді мына жерден жүктеуге болады.

Партия атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің тізіміне 127 адам еніп отыр. Олардың арасында республикаға белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен өнер иелері бар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support