Сарапшылар әлемдегі баспана құны өте қымбат 10 қаланы атады
Сарапшылар әлемдегі баспана құны өте қымбат 10 қаланы атады
Әлемде үйлер мен пәтерлерді сатып алушылар үшін ең қолжетімсіз қала Гонконг деп танылды. Өткен жылы бұл қала тізімде тек 17-ші орында болған, деп жазады Prian.ru.
Рейтингте екінші орынды австралиялық Сидней алды. Мұндағы орташа жылдық табыстың баспананың құнына арақатынасы бір жылдың ішінде 9,8-ден 12,2 есеге дейін өскен, бұл рейтингті құраған International Housing Affordability ұйымының тіркеген ең елеулі жылдық өзгерісі болды.
Одан кейін тізімде Ванкувер, Окленд, Мельбурн, Сан-Хосе, Сан-Франциско, Лондон, Сан-Диего және Лос-Анджелес қалалары тұр.