«Наурыз», «Бүркітпен аң аулау» ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізіледі

64
20150903170617Қазақстан «Наурыз» мейрамы мен «Бүркітпен аң аулау» өнерін ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұxамедиұлы мәлім етті.

«2015 жылғы желтоқсан айында ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізімі «Айтыс — импровизация өнері» номинациясымен толықты. Аталған номинация «Дәстүрлі домбыра күйін орындау өнері», «Қазақ және қырғыз киіз үйлерін жасаудың дәстүрлі білімдері мен дағдылары» номинацияларымен қатар ЮНЕСКО-ның жоғарыда аталған тізімінде үшінші номинация болды. Ендігі кезекте «Наурыз», «Бүркітпен аң аулау» және т.б. номинациялары жоспарланып отыр», — деп атап өтті министр.

Айта кетейік, министрліктің алқа мәжілісі мемлекеттік органның 2015 жылғы жұмысының нәтижелері және 2016 жылға қойылған міндеттер талқыланды. Оның жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, министрлік басшылығы, комитеттер төрағалары мен департамент директорлары, БАҚ қатысқан болатын.

Comments are closed.