Астанада нағыз жекпе-жек өткізгім келеді — Г.Головкин

59

20160128142908Әлемге әйгілі кәсіпқой бокшсы, WBA, IBO, WBC IBF  нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Отаны — Қазақстанда, Астанада нағыз жекпе-жек өткізгісі келеді. Бұл туралы бүгін «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Жақсыбеков пен Геннадий Головкиннің банк пен кәсіпқой боксшы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа белесіне арналған бірлескен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Геннадий Головкин баспасөз мәслихатының ресми бөлімінде туған жеріне келіп, қуанып жатқанын, «Цеснабанк»-пен арадағы ынтымақтастықты қуана қолдайтынын, банкпен ынтымақтастық орнатып, әртүрлі жобаларға ықыласпен қатысатынын айтып берді.

 Г.Головкин сондай-ақ кәсіптік бокс академиясын ашуға да болатынын атап өтті.

«Қазақстанда да жекпе-жек өткізгім келеді. Астанада көңілімнен шығатын бокс өткізгім келеді. Тіпті, жекпе-жек те емес, нағыз кәсіптік шоу өткізуге болады. Яғни, нағыз кәсіпқой бокстың не екенін көрсетер жекпе-жек», — деді Геннадий Головкин журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Боксшы GGG командасы Қазақстанның елордасында осындай шоу өткізе алатынын да атап өтті.

Айта кетейік, 2016 жылы «Цеснабанк» АҚ мен Геннадий Головкин ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастады.

Comments are closed.