Ақ нан адам денсаулығына зиян келтіреді

63

20150610162008 Ғалымдар ақ нанның адамның денсаулығына қандай зиян келтіретінін дәлелдеді. Испаниядағы Наварра университетінің мамандары бес жыл бойы бұл мәселені зерттеумен айналысқан.

Зерттеуге қатысқан 10 мың адам тәжірибе кезінде ақ нанның белгілінген көлемін жеген.

120 грамм немесе одан көп мөлшерде ақ нан жеген адамдар күніне 60 грамм нан жегендерге қарағанда семіздік ауруына шалдығу қаупі 40 пайызға ұлғайған.

Мамандар аталған зерттеуге тек ақ ұннан әзірленген нанды ғана таңдап алған.

Себебі, ақ нанның құрамында тұз бен қанттың мөлшері көп, бірақ жасұнық аз.

Аталған зерттеудің қорытындылары британдықтарға бағытталған. Өйткені ағылшындар ақ нанды сүйсіне жейді. Таңғы ас кезінде олар екі тілім ақ нан, түс кезінде — бутерброд жейді. Күн сайын мұнда төрт миллион бөлке ақ нан сатылады.

Comments are closed.