Үндістандық кадеттерде Таразға келеді

78

Қазақстан мен Үндістан арасындағы түрлі салалардағы өзара байланыс нығая түсуде. Жуырда осынау әріптестік ынтымақтастық аясында Үндістанның әскери елшісі, полковник Лахбиндер Сингх Лиддер ТарМУ-дың ректоры Махметғали Сарыбековпен кездесіп, әңгімелесті.
Кездесуде Махметғали Нұрғалиұлы ұлы тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімімен аталатын университет пен бабамыз топырағында жатқан Үндістанның Кашмир провинциясы арасындағы қарым-қатынасты әскери іспен қатар, ғылым, мәдениет салаларында да жандандыра түсу керектігін атап өтіп, құрметті мейманға «М.Х.Дулати» төсбелгісін табыстады.
ТарМУ әскери кафедрасының курсанттары соңғы екі айда екі мәрте Үндістан Ұлттық Кадеттер Корпусында болып, әскери мамандыққа даярлаудың үндістандық үлгісімен танысып келген-ді. Ал үстіміздегі жылдың мамыр айында үндістандық кадеттер Таразға келмек.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.