«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты фотосурет және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден орын алған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың облысымызда болған әр кездегі іссапарының суреттері көрушілердің қызығушылығын оятса, Мемлекет басшысының қаламынан туындаған «Мыслями с народом поделюсь», «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку», «Сындарлы он жыл», «ХХ век станет звездным веком Казахстана», «Хроника деятельность» және тағы басқа кітаптар көрменің мазмұнын арттырып тұр. Сондай-ақ, М.Қасымбековтің «Лидер и независимость», автор С.Сағынғалидың «История становления независимости Казахстана» және осы секілді өзге де авторлардың Елбасы туралы кітаптары да айшықты тұлға туралы жан-жақты мәліметтер береді. Аталмыш көрме ақпан айына дейін жалғасады.
Тараз қаласы.