- Advertisement -

«Қарахан» журналы халыққа жол тартты

454

- Advertisement -

Жақында облыс баспасөзі тарихи-танымдық «Қарахан» журналымен қайта қуанышты. Журнал ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде тіркелген. Директор-бас редакторы – Сатыбалды Досымбеков.
Қайта тіркелген журналдың алғашқы нөмірі Қазақ хандығының 550 жылдық тарихи тойына арналып отыр. Тарихи той қарсаңында Таразда ашылған «Қазақ хандығы» монументін, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығын кеңінен қамтыған басылымда 550 жылдыққа арналған халықаралық ақындар айтысы, қазақ күресінен өткен «Еуразия барысы» турнирі жайлы да көлемді мақалалар берілген.
Сондай-ақ, ҚМДБ-ның облысымыздағы өкілі Данияр Жұмабаевтың «Жат ағым жарылқамайды», журнал бас редакторының орынбасары Нұрхат Серікбаевтың «Орта ғасырдағы исламның дамуы» атты сараптамалық, тарихи-танымдық мақалалары оқырман ойынан шығатыны анық.
Айына бір рет жарық көретін журнал алдағы уақытта өңірдегі авторларын көбейтіп, аудандардағы тарихи жәдігерлерді, құндылықтарды кеңінен насихаттауды көздеп отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support