«Қарахан» журналы халыққа жол тартты
«Қарахан» журналы халыққа жол тартты
Жақында облыс баспасөзі тарихи-танымдық «Қарахан» журналымен қайта қуанышты. Журнал ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде тіркелген. Директор-бас редакторы – Сатыбалды Досымбеков. Қайта тіркелген журналдың алғашқы нөмірі Қазақ хандығының 550 жылдық тарихи тойына арналып отыр. Тарихи той қарсаңында Таразда ашылған «Қазақ хандығы» монументін, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығын кеңінен қамтыған басылымда 550 жылдыққа арналған халықаралық ақындар айтысы, қазақ күресінен өткен «Еуразия барысы» турнирі жайлы да көлемді мақалалар берілген. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның облысымыздағы өкілі Данияр Жұмабаевтың «Жат ағым жарылқамайды», журнал бас редакторының орынбасары Нұрхат Серікбаевтың «Орта ғасырдағы исламның дамуы» атты сараптамалық, тарихи-танымдық мақалалары оқырман ойынан шығатыны анық. Айына бір рет жарық көретін журнал алдағы уақытта өңірдегі авторларын көбейтіп, аудандардағы тарихи жәдігерлерді, құндылықтарды кеңінен насихаттауды көздеп отыр.