Денсаулық

Әкім Тарази Ұлттық кітапханаға мыңға жуық кітап табыс етті

Әкім Тарази Ұлттық кітапханаға мыңға жуық кітап табыс етті

20160127165138 Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, драматург Әкім Тарази бүгін Ұлттық Академиялық кітапханаға өзінің жазған кітаптары, сондай-ақ, жеке кітапханасында жинаған өте құнды кітаптарды тарту етті. «Өзімде бары 4 мың кітап еді, бүгін мыңға жуығын осы кітапханаға тапсырдым»,-дейді Әкім ағаның өзі.

Жалпы, Әкім Тарази студент кезінен-ақ кітап жинай бастаған. Жазушы көркем әдебиетті ерекше жақсы көреді, сондай-ақ, тарихи көркем шығармаларды да жинаған. Бүгін өмір бойы жинаған кітаптарынан іріктеп, Ұлттық академиялық кітапханаға 979 кітапты сыйға тарту етті.

«Оқы, оқы және оқы» деген ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өсиеті. Кеңес заманында оны Лениннің сөзі деп бұрмалады. Шын мәнінде,  Мұхаммед Пайғамбарымыздың бізге өсиет еткені - оқу, білу. Жастарға айтарым да осы - жалықпай оқыңдар. Мен Толстойдың «Анна Каренинасын» екі рет, «Война и Мир» кітабын екі рет қайталап оқыдым. Оқыған сайын қабылдау өзгеше болады»,-дейді Әкім Тарази.

Әкім Таразидің  Ұлттық кітапхана тапсырған кітаптарының арасында өзі жазған  «Мұстафа Шоқай», «Махаббат жыры», «Қорқау жұлдыз» сияқты романдары бар.

Әкім Тарази «Жаза» атты атақты романы үшін 1989 жылы «ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері» атанған. Ал 2011 жылы драматург «Әлем әдебиетін дамытуға қосқан үлесі үшін» Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атанған.