Жамбылда не жаңалық?

Т. Рысқұлов

Т. Рысқұлов

Луговой елді мекенінде он екі мыңға тарта халық тұрады. Қазірдің өзінде 3040 түтіні бар ауылдың 220 тұрғыны үйіне газ кіргізіп те алды. Жыл аяғына дейін «Таразгаз» және «ҚазТрансГазАймақ» 1500-ден аса аулаға газ кіргізбекші. «Көгілдір отын» алған Әбіқұлов, Әденұлы, Т.Рысқұлов, Шәймерден, Жантелі батыр, Әбдікерім және Теміржолшы көшелерінің тұрғын халқы экологиялық жағынан таза отын кіргізіп алып, қуаныштары қойнына сыймай отыр. Енді, Максим Горький атындағы мектепке газ тарту үшін құжат әзірленуде.