- Advertisement -

Жастардың таңдауы – жарқын болашақ

73

- Advertisement -

Гүлнара Қамбарова,
Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы кураторы.

Мен өзімді тәуелсіздік жылдарында өмірге келген ұрпақ екенімді мақтан етемін. Егемен елдің азаматтарына өз ісін ашуға кедергі жоқ, барлық жағдайлар жасалуда. Үкімет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданып, халықтың игілігіне қызмет жасауда. Әсіресе, жастарға деген қолдау ерекше. Олардың терең білім алып, ел ертеңі үшін аянбай еңбек ете отырып, өз тұрмыстарын да жақсартуына мүмкіндіктер мол. Сондай қолдауға ие болған жас маманның бірі – өзім. Білімге деген талабымның, ізденісімнің арқасында мектепті жақсы бағаға тәмамдап, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында мемлекеттік оқу грантымен өзім армандаған мамандық бойынша білім алдым. Қазіргі таңда Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагог-ұйымдастырушы куратор болып қызмет етемін.
Жастар қоғамдағы, елдегі болып жатқан әрбір маңызды оқиғалар мен шараларға көзқарасын білдіріп, белсенділік таныту керек. Себебі, еңселі елдің ертеңі үшін барлығымыз жауаптымыз. Сондықтан, жұртшылық Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Елбасы шешімін құптап, қолдау көрсетіп жатқанда жастар үнсіз қалмауы тиіс. Президент қазақстандықтарды ортақ мақсат жолында бір болуға шақырады.
Сайлау өтетін болды. Енді осы сайлау арқылы қоғамға қажет адамдар мандатқа ие болады деп сенеміз. Әсіресе, халықтың тыныс-тіршілігін ойлайтын, көптің қамына қабырғасы қайысатын азаматтар Мәжіліс мінберіне көтеріледі деп сенеміз.
Ендеше, мен жастарды, ел азаматтарын осы маңызды сайлауға бір кісідей ат салысып, Мәңгілік Ел жолында қарышты қадамдар жасап жатқан еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін өз таңдауларын жасауға шақырамын. Бұл біздің, біздің ұрпағымыз бен еліміздің келешегі үшін жасалынатын тағдырлы таңдау болмақ.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support