- Advertisement -

«Жасыл ел» жастардың еңбек отрядтары республикалық штабының Мемлекет басшысының Жарлығын қолдаған мәлімдемесі

96

- Advertisement -

Біздің ұйымымыздың атынан Мемлекет басшысына Мәжіліс депутаттарының бастамасына қолдау білдіргені және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойғаны үшін алғыс сезімін білдіреміз.

Дағдарысқа қарсы реформалардың жаңа Парламентін құру үдерісінің Қазақстан тәуел­сіздігінің мерейтойлы жылында бас­тау алуының символдық мәні бар деп есеп­тейміз.
Парламент сайлауы елдің саяси өміріндегі неғұрлым маңызды кезең болып табылады және мемлекет дамуының жаңа сатысындағы жауапкершілікті бөлісуге дайын барлық сындарлы күштер үшін көкейкесті үнқатысу алаңын қалыптастырады.
Бүкіл прогресшіл жастар үшін сайлау – өзін көрсету, өзінің маңыздылығы мен қажеттілігін дәлелдеу үшін бірегей мүм­кіндік.
Біз елді одан әрі жаңғырту, реформаларды ілгерілету және «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын өмірге дәйектілікпен енгізу ісіне өз үлесімізді қосуға дайынбыз.
Уақыттың сын-қатерін ескере келгенде, парламенттік сайлау өткізу туралы шешім уақтылы болып табылады, өйткені ол реформаларды қозғаушы күш ретіндегі депутаттық корпустың жаңаруына мүмкіндіктер ашады.
Одан әрі тиімді жұмыс істеу үшін парламентшілерге халық сенімі вотумына ие болу және жұмыстың толық циклына келісілген іс-қимылдар бағдарламасын ұсыну маңызды.
Алдағы сайлаудың қазақстандықтардың ел дамуының жаңа сатысында бірлігі мен топтасқандығын бейнелей алатындығына сенімдіміз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support