Кәсіподақтар федерациясының мәлімдемесі
Кәсіподақтар федерациясының мәлімдемесі
Біз Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және онда қаралған ел өмірінің бүкіл салаларын кешенді реформалау жөніндегі шынайы кең ауқымды жұмысқа дайынбыз. Халықтың сан түрлі топтарын біріктіретін және мүдделерін қорғайтын барлық саяси партиялар мемлекет қызметіне дәл осылайша ықпалды атсалысуға тиіс деп есептейміз. Сайлауды өткізу елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің үдерістеріне барлық қатысушыларға мемлекеттің одан әрі дамуына қатысты өз пайымдарын білдіру және күн тәртібінде тұрған проблемалар мен көкейкесті мәселелерді шешуде өзіне жауапкершілік алу мүмкіндігін береді. Ол жан-жақты қолдауға және сайлау науқанын өткізу мен Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша парламентшілермен одан арғы жұмысқа жаппай белсенді ат салысуға лайық. Сайлау қазақстандықтарды топтастырады және қоғамдық бәтуа негізінде дағдарысқа қарсы реформаларды табысты жүзеге асыру үшін жаңа жасампаз әлеуетке бастамашы болады.