Мұздықтардың еруі әлемдік мұхиттардағы су деңгейін көтереді

155

Таяу жүзжылдықта Антарктиданың батыс бөлігіндегі мұз құрсауының еруі әлемдік мұхиттағы су деңгейінің шамамен 15 фунтқа (4,5 метр) көтерілуіне соқтырады.

Бұл туралы дүйсенбі күні таратылған NASA және Калифорния университеті ғалымдарының баяндамасында айтылады. Баяндама авторларының түсіндіруінше, Антарктиданың батыс бөлігіндегі мұз қабаттарының тоқтаусыз еру үдерісі бәрінен бұрын климаттың ғаламдық жылынуы мен Антарктида үстіндегі озон қабатының тесілуі салдарынан туындап отыр. Бұлар Антарктидадағы желдердің өзгеруіне әкеп соқтырса, ол өз кезегінде аймақтағы су температурасының жоғарылауына алып келді. Ғалымдардың пікірінше, мұздың еру үдерісі бірнеше жүз жылға созылады.

Comments are closed.