- Advertisement -

Тараздық тоғызқұмалақшылар топ жарды

95

- Advertisement -

Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық тоғызқұмалақ қауымдастығының ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан облыстың ашық кубогы өтті. Жарысқа Тараз қаласы мен аудандардан 80-ге жуық спортшы қатысты.
Доданың ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Ғани Қарқынбаев ұлттық спортқа қызығушылық танытып жүрген талапкерлерге сәттілік тіледі. Ұлттық ойынға қатысушылар сегіз топқа бөлініп өнер көрсетті. Спорт шебері, тараздық Жандос Мейрамқұловқа өз тобындағылардан озып шығу қиынға соққан жоқ. Оның командаластары Мақсат Долысбеков пен Әсел Сейтбекова да өзге өңірлерден келген қарсыластарынан басым болды. Сондай-ақ, әр топтан Қанат Жұман, Елтоқ Сыздықов (екеуі де Шу ауданынан), байзақтық Ұлжан Мұраталиева, сарысулық Нұрсара Жақсыбекова, қордайлық Аида Жалғапова үздік шықты. Командалық есепте Ербол Нұрханов баптайтын Тараз қаласының құрамасы жеңімпаз атанып, арнайы кубокты иеленді. Жүлделі екінші орыннан Шу ауданының құрамасы көрінсе, үшінші орынға қордайлық тоғызқұмалақшылар қол жеткізді.

Айнұр Смағұлова,
ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support