Басты жаңалық

Колумб кемесінің сынықтары табылды

The final spritzer

Колумб кемесінің сынықтары табылды

Америкалық археологтар Кариб теңізінің түбінен өзгеше сынықтар тапқан. Ғалымдардың болжамынша, Гаитидің солтүстік жағалауынан Христофор Колумб Американы ашқан бұрынғы «Санта-Мария» кемесі табылған.

Зерттеуші Барри Клиффорд: «Географиялық, археологиялық, топографиялық айғақтардың барлығы бізге Колумб кемесінің сынықтарын тапқанымызға негіз береді», – дейді. Бағалы сынықтар тапқан экспедиция Гаити үкіметімен бірлесіп ұйымдастырылды. Енді жұмыс қыза түспек, алда егжей-тегжейлі археологиялық қазбалар күтіп тұр, деп хабарлады Informing. «Санта-Мария» үш діңгекті, бір палубалы болған. 1492 жылы Христофор Колумб осы кемемен Американы ашты. Оған 40 адам сиятын болған. Кеме 1492 жылы су жартастарына соқтығысып, Рождество күні апатқа ұшыраған-ды.