Денсаулық

Әйгілі швейцариялық компания қазақ байларына арналған эксклюзивті сағат шығарды (фото)

Әйгілі швейцариялық компания қазақ байларына арналған эксклюзивті сағат шығарды (фото)

Қазақтың ою-өрнегімен ойылып, ұлттық нақышпен әрленген бұйымдардың қатары күн санап артып келеді. Әсіресе қазақстандық байлардың арасында еліміздің символына айналған ерекше дүниелерді ұстау сәнге айналған.  Соның бірі  – Ulysse Nardin брендінің қазақ байларына арнап шығарған қол сағаттары.

pogudx1i8r9unrv0u8.033a39a8 pogudx3d48qfr4r09g.f9d6b7e1 pogudx6q0bbullcia.5545d6ee pogudx778m0j9juve.fbca9e23 pogudxjrrmgenlvjo.1844b35fБұйымның барлығы жеке тапсырыспен, эксклюзивті түрде қолдан жасалған деп жазады ztb.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.

1. Сағаттың бұл нұсқасы жақында ғана жарыққа шығып, әуесқойлардың арасында үлкен сұранысқа ие болған. Сағаттың цифрлі бетінде еліміздің көк туы бейнеленген. Аталған аксессуардың небары 10 данасы ғана дайындалыпты.  DeWitt Academia Kazakhstan –ның ерекшелігі сол, 2 сағаттық белбеуді және ел өңіріндегі 24 қаланың атын көрсетеді. Сағаттың құны Швейцарияда 14 300 доллар. Аталған сомаға қол сағаттың каучук және темір баулары кіреді.

2. Ulysse Nardin Altyn Adam Unique Piece

«Алтын адам» деп аталатын бұл қол сағат небары 1 данамен ғана шығарылған нағыз ұлттық нақыштағы, эксклюзивті аксессуар. Бұйым алғаш рет Алматыда өткен Luxe Expo –да көрсетілді. Сағаттың цифрлі бетінде «Алтын адамның» суреті бейнеленген. Сағаттың диаметрі 40 мм, корпусы мен тілдері 18 караттық күлгін алтыннан жасалған. Сондай-ақ сағаттың басты ерекшелігі – беткі әйнегі жақұт тастан. Ал, артқы қақпағында Қазақстанның туы бейнеленген.

3. Ulysse Nardin Astana Limited Edition

деп аталатын бұл сағат Астана қаласына арналған және саны да шектеулі. Ерекше жобаны Ulysse Nardin және First Media Group компаниялары біріге отырып жасаған. Жаңа үлгіні әуесқойлар «нағыз эксклюзив» деп атайды. Себебі әлем бойынша небары 25 данасы бар. 15 данасының бауы – Солтүстік Америкалық қолтырауынның терісінен, ал қалған 10 данасынікі – каучуктен. Сағаттың артқы қақпағында Бәйтерек мұнарасы бейнеленген.

4. Louis Moinet Kazakhstan Tourbillon Unique Piece

Бұл сағат әлемде жалғыз данамен ғана жасалған. Құны 245 мың еуро. Сағаттың бетінде Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген.

5. Ulysse Nardin Oil Pump

Бұл сағат та сирек кездесетін, эксклюзив болып саналады. Себебі оның әлем бойынша 5 данасы ғана шығарылған. Бұйым Қазақстанның мұнай өндірісінің құрметіне арналады. Аксессуардың бетінде қазақ жерінің картасы және ондағы мұнай ошақтары алтынмен бейнеленген. Басты ерекшеліктерінің бірі – әрбір сағат сайын гонга аспабының ерекше дауысы шығады.

First Media Group компаниясының басшысы, экс-депутат Гүлжан Қарақұсованың күйеу баласы Бейбіт Әлібеков аталған сағаттардың шығу тарихын жақсы біледі және болашақтағы жаңа туындылар жайлы да ойымен бөлісді.

«Luxе EXPO-ның мерекелік жиыны кезінде Ulysse Nardin-дің сағаттарын Қазақстанға арнап шығару идеясы туындады. Бұл ең танымал марканың бірі. Сағаттың басты ерекшелігі –  азаматтардың елімізге деген сүйіпеншілігін көрсетуді көздедік.  Аталған компания жобамызды үлкен ықыласпен қабылдады. Себебі, Қазақстан нарығы сағат сатып алатын басты елдердің бірі. Осылайша бірден 2 жобаны яғни, «Ulysse Nardin Astana» мен «Ulysse Nardin Altyn Adam-ды» қолға алдық. Биылдыққа 6 сағаттың жобасы әзірленіп, дайындалу үстінде. Оларды сіздер Luxе EXPO-ның мерекелік жиыны кезінде көре аласыздар. Дағдарыстан зардап шеккеннің бірі осы сағат индустриясы. Ол тек бұйым ғана емес, атадан балаға мұра болар инвестиция, егер эксклюзивті жасалған болса, жыл өткен сайын бағасы көтерілмесе, төмендемеді. Мен Қазақстандағы брендтік сағаттар болашақта тарихи құндылығын сақтап қалады деген ойдамын. Сондай-ақ биылғы жыл сағат жасаушылар үшін де, сатып алушыға да экономикалық жағынан ауыр болары сөзсіз. Басты мақсат жобаны жауып алмау. Себебі, сатылған алтын сағаттардан түскен қаражаттың барлығы қатерлі ісікке шалдыққа жандардың еміне жұмсалатын еді», – дейді Бейбіт Әлібеков.