Денсаулық

Ғалымдар: СМС-хабарлама арқылы қан қысымын төмендетуге болады

Ғалымдар: СМС-хабарлама арқылы қан қысымын төмендетуге болады

20160125171750СМС-хабарлама арқылы қан қысымын төмендетуге болады. Бұндай пікірді Оксфорд университетінің мамандары айтты, деп жазады шетелдік БАҚ.

Ғалымдардың зерттеуіне қатысқан топтар тек медикаментозды ғана ем қабылдаған жоқ. Олар тәжірибеге қатысушыларды үш топқа бөлді. Бірінші топ емделуге өз дәрігерлеріне барып жүрді. Екінші топ емдеуші дәрігерлеріне келіп жүріп, олармен тек смс-хабарламалар арқылы сөйлесіп отырған. Ал үшінші топ болса дәрігерлерімен мүлде кездеспей тек смс-хабарлама арқылы ғана хабарласып отырған.

Тәжірибе 1 жылға созылды. Белгілі болғандай, үшінші топтың емделушілері смс-хабарлама жібергеннен кейін-ақ өздерін жақсы сезінгені байқалған. Олар хабарлама жібергеннен кейін қан қысымы өзінен-өзі төмендеген.

Ғалымдар бұл әдіс қан қысымы проблемасынан мүлде арылтпайтынын, тек аз ғана төмендетуге болатынын атап айтты.