Ғарыш саласында АҚШ-пен байланысын үзбек
Ғарыш саласында АҚШ-пен байланысын үзбек
Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин Мәскеу 2020 жылдан кейін Халықаралық ғарыш станциясын пайдаланбау ниетінде екенін мәлімдеді.
АҚШ Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресейге қатысты санкциялар салғаннан соң, Рогозин Мәскеудің әр нәрсені саясиландыра беретін сенімсіз серіктеспен бірлесіп жасайтын жоғары технологиялық жобалардың болашағына алаңдаулы екенін айтты. Ол Ресейдің халықаралық ғарыш станциясында өз бетімен жұмыс істей алатынын, бірақ АҚШ ғарыш саласында Ресейсіз әрекет ете алмайтынын ескертті. Дмитрий Рогозин Ресейдің 2020 жылдан кейін ғарыштық ресурстарын қай бағытта дамытатыны биыл жазда анықталатынын да айтты. АҚШ ғарыштық шаттлдар шығару бағдарламасын қысқартқан соң, астронавтарды Халықаралық ғарыш станциясына жеткізу және Жерге алып қайтуды тек ресейлік «Союз» ғарыш кемелері қамтамасыз еткен. АҚШ ғарыш агенттігі (НАСА) Ресей ғарыштық саладағы ынтымақтастықта өзгерістер жасау жоспары туралы ескертпегенін айтады.