- Advertisement -

«Фариза, Фаризажан, Фаризақыз»

109

- Advertisement -

республикалық байқауында
№47 орта мектептің
9-сынып оқушысы сымбат жұлдызбай жеңімпаз атанды

Жамбылдық жеткіншектердің түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарып жатқаны аз емес. Солардың бірі – Тараз қаласындағы №47 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сымбат Жұлдызбай республикалық «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» байқауынан бас жүлдемен оралды. 

Алматы қаласында өткен қазақтың аяулы ақын қызының өлеңдерін оқу және өлеңдеріне жазылған әндерді орындау бойынша балалар мен жасөспірімдер байқауына еліміздің барлық өңірлерінен үміткерлер қатысыпты. Оның бір ғана «Көркем сөз» аталымы бойынша 300-ден астам бала өнер сайыстырған. Сымбаттың осы аталымда бағы жанды. Ол қолы бос кезде қазақ әдебиеті классиктерінің туындыларын оқиды, көңілінен шыққан өлеңдерді табанда жаттап та алады. Жеңімпаз қыздың тәрбиешісі Роза Көшербаева мен өзін осынау сынға дайындаған жетекшісі Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, облыстық драма театрының әртісі Құрақ Оразбаевқа айтар алғысы шексіз.
– Әнші, әртіс аға-апаларым секілді болашақта менің де өнер жолына түскім келеді. Бұл сайыс жеке машығым мен тәжірибемді жетілдіруіме үлкен септігін тигізіп отыр. Ең басты жетістігім өзім тәрбиеленетін балалар үйі ұжымының сенімін ақтап шыққаным болды, – дейді С. Жұлдызбай қуаныштан жүзі бал-бұл жанып.

Баймаханбет АХмет,
«Ақ жол».

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support